Ашық рай,бұйрық рай, шартты рай, қалау райға 2 сөйлем тауып бересіздерме

dxkuznecov dxkuznecov    1   21.06.2019 02:10    3

Ответы
ДинислаМММ ДинислаМММ  02.10.2020 06:56

Етістіктің райлары – орындаушының іс-қимылға қатысты ой-пікірін,қатынасын білдіреді.

1) Ашық рай – іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді.Мысалы:Мен бүгін ауылдан келдім.Ертең сабаққа барармын.

2) Бұйрық рай – іс-қимылдың бұйыру,талап ету,өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді.Мысалы:Сендер ертең жарысқа қатысыңдар.Әңгімені олар бірінші бастасын.

3) Шартты рай – іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.Мысалы:Күн ашық болса,тауға шығамыз.Егер сен жыласаң,мен жылаймын.

4) Қалау рай – қалау,тілекті білдіреді.Мысалы:Сенің оны көргің келе ме?Мен бірінші орын алғым келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi