Ашық күндері тал түсте жұлдызды аспанды көргі-
лерің келе ме? Ендеше, пла-
нетарийге барыңдар. Жұл-
дызды аспанның тәулік
бойына қалай өзгеріп тұра-
тынын төрт-ақ минуттың
ішінде көріп, жұлдыздар
мен ғаламшарлардың шап-
шаң қозғалысын бақылай
аласыңдар. Мұнда біздің
ғаламшарымызды көмкеріп
тұрған аспанның күн мен түннің кез келген уақытындағы
қалпын, поляр шұғыласын, кометаны (құйрықты жұлдыз)
тамашалауға, ғарышкеменің қалай ұшқанын көруге болады.
Осы жерде баяндамашының ғаламшарлар, Күн жүйесі
жайында, табиғат құбылыстары мен ғарышты игеру жөнін-
дегі қызықты әңгімелерін тыңдау – бір ғанибет.
Планетарий – қызық дәрістер оқылатын орын. Ал оның
осылай аталу себебі ондағы ең ғажайып дүние - планета-
рий (проекциялық) аппаратына байланысты. Соның көме-
гі арқылы жұлдызды аспан әлемі көрсетіледі.
«Ол – кім? Бұл – не?» кітабынан
## 8. Мәтін бойынша сұрақтар құрап жазыңдар.