Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. Стиль