Ғарышқа кімдер ұшады? Осыған дейін ғарышқа ұшқыштар ғана іріктелетін. Қазіргі кезеңде ғарышқа ғалымдар мен инженерлер ұшырылуда. Мысалы, 2017 жылы NASA
ғарышкерлері қатарына он екі адам іріктеуден өткен екен. Оның ішінде инженерлер, әскери
дәрігерлер мен мұхитты зерттеуші ғалымдар бар. Олар ғарышта түрлі зерттеулер жүргізеді.
Ғарышкерлерді таңдаудағы бірінші шарт дене дайындығы сынақтарын жақсы
тапсыруы. Сынақ кезінде үміткерлердің күш-қайраты ғана емес, шыдамдылығы да жоғары
бағаланады. Әрі қарай оқу мен жаттығу басталады. Әуелі екі жыл – жалшы ғарыштық
дайындық, одан соң топтағы жаттығу. Барлық сынақтардан өткен маман экипаж құрамына
алынып, тағы 18-24 ай ұшуға дайындықтан өтеді.
Ғарышкер болғысы келген адам барлығы алты жыл жан-жақты дайындалуы керек. Олар
жұлдызды аспан картасын жаттаудан бастап күрделі құрылғылармен жұмыс жасауды
үйренеді. Су ғарыштағы салмақсыздық жағдайына үйренуге көмектеседі, сондықтан
аквалангімен, кейін скафандрмен суда жүзуге жаттығады. Жылдам ұшатын реактивті
ұшақтармен аспанға көтеріледі, кейде күніне 40 рет ұшуға тура келеді. Ғарышкер бірнеше
тілді де білуі қажет.
«OYLA» ғылыми-көпшілік басылымы сколько сдесь числительных это сорр​

rrrf1 rrrf1    1   23.10.2020 10:41    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi