Қарсылықты салалас сөйлемдерден, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас жаса. Үлгі: Қарсылықты салалас. Қазір бөгелген түйіні қалаған тұжырымы осы еді, бірақ оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.
Қарсылықты сабақтас: Қазір бөгелген түйіні,қалаған тұжырымы осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.
1)Ағаштың арасына кіре, өкпек желден құтылдым, сонда да тоңған денемнің түршігуі басыла қоймады. 2)Ауылда, Баянда мектеп көргені бар, бірақ ресми түрде мектеп бітірмеген. 3)Омаровтың түсінігі есепке алынсын, бірақ бұл оқиғаны аяқсыз қалдыруға болмайды. 4) Ән басылып қалды,бірақ гитара сазы тоқталған жоқ. 5) Күн жауып кетті, бірақ оны елеген ешкім жоқ. 6)Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбеді.