«Қарлығаш әулие»  аңыз әңгімесіндегі кездескен көнерген сөздерді тауып жаз және көнерген сөздің қай түріне жататынын анықта.                                                   Қарлығаш әулие                                                                                               
  Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып,  ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан. Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұра бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандары шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен ЕКЕН

025858 025858    1   07.12.2020 15:18    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi