1-Қазан - Қарттар күні - Қазақстан Республикасында тек шектеулі орталарға ғана белгілі мереке. Осы жауапты жазбас бұрын оқыған адамның мұны білу-білмейтінін тексергім келген. Меніңше сіз де білмейтін сияқтысыз.
Неменеге жетiстiң,бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр .
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi кутiп,әнеки,жағада тур.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетiмдiк басымызға.
Жалаңашка шекпенiн шешiп берiп,
Бiр күлшесiн бөлiскен ашымызға.
Арсыз күлкiн тыйылмас,жылауында,
Айтысында басылмас,ыланыңда,
Араздасып ағайын кетер едi,
Бiр қария болмаса бiр ауылда.
Бiз қария болғанша,
Кiм бiледi,
Баламызда шал болып үлгіредi.
Бiр-бiрiнен екi шал асамын деп
Кiм бiледi.
Бiр-бiрiн бүлдiредi.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етiп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...(М.Мақатаев)
Қазақ халқында ақсақалды қарттарды,қарияларды-көптi көрген,ақыл тоқтаткан ел сыйлысы,қазынасы деп,қадiр тұтқан,қадiрлеген! Қандайда бiр дау-дамай туса,қандайда бiр iске ақыл-кеңес керек болса,осы қарияларға жүгiнген,олардың шешiмдерiне тоқтаған.Алысқа сапар шекседе,алдымен осы қариялардың алдынан өтiп,батасын алып аттанған.Сол кездегi аузы дуалы талай шешендер мен данышпан,данагөй қарттарымыздан қалган даналы сөздерi мен мәтелдерiнде қазiргi кезде ұмытпадық,ұмытпаймызда!
"Заманына қарай адамы"деген. Заман тоздыма,әлде адам аздыма,бiлмеймiн,қазiргi кезде осындай ақсақалдарымыз азайып кеттi. Жастары бiразга келген кейбiр ақсалдарымыздың аузынан дана сөздер емес,"шiрiген ауыздан iрiген сөз шығады"демекшi,былапыт сөздер естiп,мүңкiген арақ иiсiне тұншыгасын. Астына қымбат көлiк мiнiп,қасына немересiндей жасөспiрiм қыздарды ертiп,барар жерi-ресторан,түнгi клуб,монша! Арине,бүл көпке шашқан топырағым емес. Бірақ осындай көріністерді кәзірлері жиі кездестіретініміз рас!
Немересiн алдына отырғызып,ақылын айтатын,жыр-дастандарды жатқа айтып,аузыңның суын ағызып қызықты әнгiмелер айтатын,тарих сырына үңiлiп,сыр шертетiн,үлкен-кiшiге үлгi болып,өнегесiн көрсететiн,бұрыс жерде дұрыстап,дұрыс жерде қолпаштап жiберетiн қазыналарымыз қайда кеттi?!
"Батаменен ел көгерер"деген. Бата түгiл,бес намазын оқып,парызын орындап жүргендерiде шамалы. Кейбір "аташкалар"дүние қуып кеткен,көсемдер жоқ,көздерiн шел басқан,шешендер жоқ,ауыздарына кұм құйылған. Өзiнен кiшiлерге жалпақтап,алдарында "маймылша"бұлаң қағады. Қадiр,қасиеттен дым қалмаған! Артымда не қалдырсам,қандай игi iс жасасам деген ой жоқ! Қалай байысам,қалай әдемi қартайсам деген,"мен"деген өзiмшiлдiк бар тек қана!
Аллаға шүкiр,қазiр азғындыктан безген,оқу,ғылымды қуган,намазға жығылған,тура жолды таңдаған жастар өсiп келедi. Осыларға қарап,тәубе дейсiн! Болашақта,қандай байлық,мансабым болды деп емес,қандай үлгi боларлық iстер жасадым,қандай игi iстер жасауды,қалай үлгi болуды,ел сыйлайтын азамат болудың қыр,сырын айтып,ақыл берiп,түзу жолга салып отырар ел сыйлайтын ақсақалдар,қазыналар өсер деп үмiттенемiз!
"Әдемi"қартаюды ойлағанша,жанымызға қазына жинап,рухани бай болып қартаюды ойлайық!