Қарды сипаттай отырып, жіктік жалғаулы сөйлемдер құрастырыңдар

hermoguchiy hermoguchiy    3   28.09.2019 00:40    131

Ответы
aika113 aika113  08.10.2020 23:38

Алғашқы қар.

Сиқыршы қыс та келіп жетті. Күн аяздатып, көптен күткен алғашқы қар да жауды. Қар аппақ әрі мамық. Қолыңа тисе еріп кете барады. Қар түйіршектері алыстан қарасаң жай кішкентай ғана дөңгелектер секілді. Ал жақыннан қарасаң небір пішіндері бар екенін аңғарасың.

Қар толастамай жауған соң, ол күн көзіне шағылысып көзді ауыртады. Ал жүрсең аяқ астынан "қырт-қырт" еткен дыбыстар шығады. Айналаны бейне бір қардан жасалған көрпе көмкерген секілді.

Жіктелуі жалғауы жалғанған сөздер: кете барады, қарасаң, аңғарасың, ауыртады, шығады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi