Қарамен берілген тіркестердің синонимін тап. Мінездеме Абдыкошова Айша 2008 жылы қараша айының 28 жұлдызында дүниеге келген. Айша 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Оңқай. Пәндер ішінде математика, бейнелеу, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Математикалық түсініктері қалыптасуда, 1-ден 100-ге дейінгі сандарды санайды, жазады. Тек сандарды қосу және азайтудан кейде қиналады. Сабақтан себепсіз қалмайды. Мінезі тұйық, көңіл күйі тұрақты. Өз-өзіне қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым-қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Үйден қатынап оқиды. Толық отбасынан шыққан. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Эмоциялары: мазасыз емес, (сабырлы) әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман (қылықтарды) көрсетпейді. Сөздік қоры жас ерекшелігіне (сай)