Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да халықты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа-райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған. Суы тартылған теңіз табанында кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған ондаған ірі сызбаларды суретке түсірген. Кей жерлерде сызбалардың ені 2 метрден 50 метрге дейін жеткен. Сызбалар бір-біріне қатты ұқсайды. Мамандар бұл жұмбақ таңбаларды қаншама зерттегенімен, оның неден пайда болғанын таба алмады. Кеңес заманында аралға орналасып, бактериялық қаруды сынаған әскерилер де, қайраңға батқан балықшы кемелері де, теңіздегі қатулы толқын, құйындар да, не болмаса табиғаттың өзге де тосын мінезі, өзгерістері де теңіз түбінде мұндай керемет сызба-таңбалар қалдыруы мүмкін.

1Арал теңізі жұмбақ сызбаларға толы болуы да кімді таңғалдырып отыр?

2Қанша жыл бұрын болған ?

3 Сызбалардың ені қанша?

4 Теңіз түбінде мұндай керемет сызба-таңбалар нелер қалдыруы мүмкін

FedorShar28 FedorShar28    2   27.04.2021 11:02    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi