Арал теңізі Қазақстанның Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде орналасқан. Оған Орталық Азияның 2 аса ірі өзені — Әмудария мен Сырдария құяды.
Бірақ 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен суының көлемі жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді. Сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. 1998 жылы теңіз деңгейі 18 метрге төмен түскіп кетті.
Қазірде теңіз екі бөлікке бөлініп қалған. Қыс бойы теңізді толығымен мұз басады. Суы 25 метрге дейінгі тереңдікті көруге болатын өте мөлдір болған. Бұл теңізде арал шоқыры, сазан, қаяз, торта, т.б балықтар бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген.
Алғаш Әмударияның атырау тұсы Арал теңізі аталып, кейін теңіз түгелімен Арал атанған.
Есімдіктерді тауып беріндерші!