Арға жаз- рек?
Неше түрлі тәтті армандар, бірінен соң бірі келеді, тіпті қолыңда жоқ
затты бар қылып, қолыңда ұстап тұрғаныңды көресің. Арман-қиялың-
ның арқасында болашағыңды жақсы етіп елестетіп, үлкен жетістік-
ке жеткен сәттеріңді көріп, жақындарыңа сыйлықтар сыйлап жатқан
кезіңе еріксіз езу тартасың, өзге елге саяхаттап, қуанышты күннің
неше түрлі сызбаларын сызасың, қошеметке толы сәттерің елестейді,
не бір жеңістің тұғырында тұрасың, армандаған істеріңнің бәрін ойша
електен өткізіп, өзге әлемді ұстап көресің. Ол әлем
ерекше әлем, бар-
лық армандардың орындалған сәттерін көрсететін әлем. Бір өкініштісі,
ол әлем көзіңді ашқан сәтте әп-сәтте жоғалады, қазіргі шынайы өмірге
қайта ораласың. Осы сәттен бастап, адамдардың екі түрін қарастыра-
мыз. Бірінші тобы, дәл осылай армандайды да, шынайы өмірінде сол
әлемдегі жеткен жетістігіне еш ұмтылмайды, құр қиялмен күн өткізіп,
арманға қарай бір қадам да баспайды. Арманын біреу әкеліп қолына
ұстата салатындай күтіп жүре береді. Екінші топ батыл адамдардан
құралады. Армандай да біледі, арманға қарай ұмтылып, құласа қайта
тұруды да біледі, арманға жете де біледі.
Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында.
Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмұнды, пәрменді де болып, адамды
іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.
ЖАЗЫЛЫМ
5-тапсырма. Мәтін бойынша «Қос жазба» күнделігін толтыр. Түсіндір.
азып,
Үзінді
Түсініктеме​

topaxx100 topaxx100    1   05.05.2021 12:30    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi