Апсырма . 1.Үзіндіні екі рет мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Хан сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшты. Махамбеттің жалғыз қалғанына сегіз жыл, үш ай. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған жорықтары жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Тұңғыш ұлы Жәңгір ханмен соғыста оққа ұшты. Ортаншы ұлы Баймағамбет сұлтанмен шайқаста жараланып өлді. Махамбет ауыр күрсінді. Ұлдарын жоқтап, ішінен жыламсырады. Жүрегі елжіреп, көкірегі сағынышқа толды. Әуес күйеуінің қара торы келбетінің мұңға толғанын байқады. Өзі де күрсініп еді, көзінің жасы бірге шықты. Жаулығының ұшымен сүртіп жатып: -Қарақтарым бір аунап түсті-ау! - деді. Махамбеттің де көзіне жас тығылды. Өзін де, жұбайын да аяп, сыртқа шыға бергенде, Әуес тозығы жеткен ыдыспен сусын ұсынды. Сапырылған шұбаттың исі аңқыды. Тәбетім тартпайды. Өзің іш, - деді Махамбет.
1. Перифраз түрінде берілген сұрақтарға үзінділер мазмұны бойынша жауап беріңіз.
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Исатайсыз Махамбет жорықтарының нәтижесі қандай болды?
2 Исатай неге жыламсырады?
3 Мәтінде қандай ұлттық сусын атауы бар?