Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш
президенті болады. ХХ ғасырдың орта шенінде минерология ғылымдарының докторы
Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған
ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады.
Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде,
Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның
жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді.
Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су
атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына
қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен өзінің топонимикаға деген
қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни
жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа
ресурс көзімен қамтамасыз етеді.
Қаныш Имантайұлы Қарағанды облысында өмір сүретін ақсақалдардан
топонимикалық атаулардың шығу тарихы туралы деректер іздейді. Нәтижесінде ата-бабаларымыздың мыс, қола, темір сынды пайдалы қазбаларды көне заманнан бері
пайдаланғаны анықталады. Себебі бұл жер-су атаулары көне заманда қолданысқа енген.
Айта кетсек, ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен
Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық
Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қаныш Сәтбаев кім?
2.Оның жетістігінің сыры неде?
3. Ғалым жастайынан неге қызығып өсті?
4. Сәтбаевтың еңбектері неге арналған?
5. Ол қандай картаны жасауда
КӨП
еңбек
етті?​

minari3 minari3    2   14.12.2020 17:05    6

Ответы
laowiskskz laowiskskz  13.01.2021 17:06

1.Геолог ғалым

2.Ірі кен орындарын ашқан

3.Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су

атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі.

4.Геология ғылымы саласына зерттеулержүргізген

5.Жезқазған кенін зерттеу және Орталық

Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi