Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? деген сұрақтарға жауап береді.Баяндауыш деп сөйлемде іс-қимылды білдіретін және де не істеде? не етеді? деген сұрақтарға жауап береді. Көбінесе сойлем соңынта тұрады.