анықта. Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов - қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы туған. Қазан жазушысы - Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қа- зақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ. Шыңғыс - қазақ, қырғыз халықтарының ортақ перзенті», - деген еді. Ш. Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті. Сондықтан ол шығармаларында ауыл өмірін, қарапайым еңбек адам- дарының соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі өмірін суреттеген. Ш. Айтматов- тың шығармалары әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған.Жазушы «Ана-Жер-Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезінде- гі қиындықты баяндайды. Онда бір отбасының өмірі суреттеледі. Негізгі кейілнері - Толғанай. Оның жұбайы мен үш ұлы соғыста қаза табады. Одан кейін келіні қайтыс болады. Толғанай жалғыз қалады. Бірақ өмірден түңіл- мейді. Толғанай өзінің қуанышы мен қайғысын Жер-Анаға айтады. Себебі Жер -- барша адамзаттың анасы, асыраушысы. Жер-Ана Толғанайға тау- сылмайтын күш-жігер береді. Толғанай - соғыс кезінде қиындық көрген аналардың жиынтық бейнесі. Толғанай аналардың көрген қайғы-қасіре- тін барлық адамзатқа айтқысы келеді. Жазушы Толғанай образы арқылы қарапайым адамдардың қажыр-қайратын, ерлігін бейнелейді. Қайғы-қасі- реттен түңілмеген Ана бейнесі арқылы жазушы өмірдің жалғаса беретінін көрсетеді. НАЙДИТЕ ГЛАВНУЮ И ВТОРОСТЕПЕННУЮ ИНФОРМАЦИЮ