Қандай ғалымдарды білесіңдер? Қазақстандық ғалымдар туралы не білесіңдер?​

m1a2c3s4i5m6a7 m1a2c3s4i5m6a7    3   26.04.2020 12:22    4

Ответы
isya1991 isya1991  13.10.2020 21:34

Қазіргі заманда шекара жойылған. Еліміз еңсесін көтеріп, егемендігін алған тұста майталман математик Асқар Жұмаділдаев бастаған білікті ғалымдар Батыстың маңдайалды оқу орындарында еңбек етіп, қазақ ғылымының әлеуетін сырт елге танытты.

Дүниежүзінде Нобель сыйлығын алуды армандайтын ғалым жоқ шығар?! Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов.

Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің түлегі. Ғалым еліміздің Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «КАТЭП» Ұлттық атом компанияларының бұрынғы еңбеккерлерінің бірі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
kolayn2012 kolayn2012  13.10.2020 21:34

1)Қазақстандық химик ғалымдар - Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп.

Солардың ішінен Е. Н. Әзірбаев, Ә. Б. Бектұров, Б. А. Бірімжанов, М. А. Горяев, М. Т. Козловский, С. Р. Рафиков, Д. В. Сокольский, О. А. Сонгина, М. И. Усанович, Т. К. Шомбалов, Ш. Б. Батталова, Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Г. Д. Закүнбаева, А. Ш. Шәріпқанов, т. б. химия ғылымы докторларының осы ғылым саласына қосқан үлесі зор.

2)Гаухар Дәуленқызы Закүнбаева қазір Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық катализ және электрохимия институтын басқарған. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп, соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді жөне талғамды ершіткілер алды.

Ал Шарбан Батталқызы Батталова Қазақстан Ғылым академиясының академигі, ол мұнай өнімдерін өңдеуге қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға мүмкіндік туғызды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi