"ана-өмірдің тірегі"тақырыбына эссе жазыңдар(90 сөз).эсседе тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді орнымен қолданыңдар. 15

ученый2222 ученый2222    3   03.03.2019 15:21    12

Ответы
DiDnteR DiDnteR  24.05.2020 18:23
Біздің өміріміздің тірегі ол біздің - анамыз.Ана-сені дүниеге əкелді ,бақты,бар мейірімін төкті,имандылыққа үйретті.Ана деген сөздің өзі ыстық.Ана деген сенің өміріңдегі аяулы адам.Сен алғаш көзіңді ашқанда ең бірінші анаңды көресің.Ананың орны əрдəйім бөлек болады.Анаң сені бақытты қылу үшін бəрін жасайды.Ана бір қолымен бесікті тербетсе ,бір қолымен əлемді тербетеді.Əр адам үшін ана ардақты жан.Анаң сені қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді.Өз мейірімін төгеді.Кейін ержеткенде мектепте екінші анаң ұстазың болады.Ұстаз саған бар білімді үйретеді.Сен оның шəкірті əрі баласы боласың.Анаң саған тəрбие берсе, ұстазың оқу білім береді.Екі анаңда сенен үміт күтеді.Сенің ер жетіп ,бақытты болғаныңды қалайды.Сондықтан олардың ақылын тыңдап өссең ,олардың үмітін ақтайсың.Жəннаттың кілті анаңның табанвның астында деп бекер айтпайды.Ер жеткенде анаңды сыйласаң ,құрметтесең Алла саған өз мейірімін төгеді.Сондықтан Ана əрдайым сенің өміріңнің тірегі болып саналады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi