Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдарында қандай қиындықтарға тап болса да рухы мен үміті жанып, алыстан бағдар сілтеп жымыңдайтын да тұратын Темірқазық сынды жұлдыз тұлғалар болады. Қазіргі кез келген қазақ баласы үшін, барша қазақ халқы, тіпті бүкіл адамзат ұрпағы үшін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сондай тұлға. Ілияс Омаров дәл айтқандай, «тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы» Сондай-ақ Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.
Бұл мерейтой ғалымның бастамасымен құрылған әрі Қазақстандағы кәсіби және инженерлік білім берудің қайнар көзі атанған Тау-кен институтының негізінде құрылған Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Ой-өрісі кең, ғылымның көптеген саласында энциклопедиялық білімі бар, ғылыми қызметті шебер ұйымдастырушы және алдыңғы қатарлы кадрларды тарта білетін адам ретінде Қ.Сәтбаевтың ұлылығы алдымен еліміздің интеллектуалды, ғылыми дамуына бағыт беруінде, қазақстандық қоғамды ағартушылықтан интеллектуалды ғылыми және кәсіби деңгейге көтеруінде. Қ.Сәтбаев басшылығымен жасалған қадамдар халқымыздың, жастарымыз бен еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады.
Бүгінде оның еліміздің дамуына үлкен серпін бергені туралы ойлана бермейміз. Алайда өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан сауатты және ағартушылық қоғам болғанымен, кез келген кәсіби инженер кадрларды Ресей немесе Өзбекстан даярлап, ғылыммен Қазақстанға келген мәскеулік немесе ленинградтық ғалымдар ғана айналысты.
1927 жылы жас маман, инженер-кенші Қаныш Сәтбаев өзінің кәсіби қызметін жергілікті кәсіби кадрлардың жоқтығына, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қарамастан, ағылшын концессионерлерінен мұраға қалған ғылыми-зерттеу жабдықтарында жұмыс істеуді Қарсақбай мыс кенішінен бастайды. 3 жылдан кейін 1930 жылдың басында оның тобымен ашылған шашыраңқы мыс кенорындары – үлкен Жезқазған кенорны қоры 2 млн тонна мыстан кем емес әлемдегі ең ірі кенорындардың бірі екендігі ғылыми дәлелденеді. Кейінірек оның «Үлкен Жезқазған мәселелеріне арналған» (Народное хозяйство Казахстана, 1936, №1-2, 74–83-бб.) алғашқы ғылыми мақаласы жарық көреді. Бұл Орталық Қазақстанның және тұтастай еліміздің бет-бейнесін толығымен өзгертті. Үлкен Жезқазғанның ашылуы адам ерлігімен қатар бүгінде жастар үшін практикалық міндеттерді жүзеге асырудағы кәсіби, ғылыми тәсілдің үлгісі болып табылады. Өркениеттен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан Қарсақбай кентінде Қ.Сәтбаев ғылыми фактілерді зерттеу мен талдаудың ең үздік құралдарының көмегімен өмірінің соңына дейін дәл әрі жете талдау жасаған.
«1935 жылдың 1 қаңтарында Жезқазғанның кен қорлары барлық категориялар бойынша 3220 мың тонна мысты құраса, олардың ішінде 1330 мың тонна А2+В категориясы бойынша. Кеніштерде А2+В категориялы мыстың орташа мөлшері 1,92 %-ға тең. Жезқазғанның дамуын қаржыландырудан бастап – мыс қорыту комбинатын, су қоймасы мен теміржол салу, елімізде бүгінде Политех атымен белгілі (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) алғашқы техникалық жоғары оқу орны Қазақ Тау-кен металлургия институтын құруға алғы шарт болды. Құрылған институт өзіміздің кәсіби кадрлардың, сонымен қатар еліміздің дамып келе жатқан тау-кен металлургия және геологиялық кәсіпорындарының ұстаханасына айналды. ҚазТМИ-де 85 жыл бұрын негізі қаланған жоғарғы буын инженер кадрларын кәсіби даярлаудың бұл векторы еліміздің жоғары білікті кәсіби маманға деген қажеттілігін қамтамасыз етті және алғашқы қазақ ғылыми кадрларды қалыптастырудың негізгі іргетасы болды. Қ.Сәтбаевтың еліміздің тау-кен металлургия секторының инженерлік интеллектуалды және ғылыми элитасын қалыптастырудағы жүйелілігі – оның ұйымдастырушылық қабілеттері мен болжамының маңызды эталоны. Ғалымның бірізді қадамдары 1940 жылы Геологиялық ғылымдар институты негізінде тұңғыш қазақтың ғылыми орталығын құруға, ғылымның академиялық филиалын құруға арналған аралас салаларға таратуға және 1946 жылы алғашқы Қазақ ұлттық ғылым академиясын негізін салуға мүмкіндік берді.
Жауыбы: Ғалым бойындағы рухани биіктік
Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдарында қандай қиындықтарға тап болса да рухы мен үміті жанып, алыстан бағдар сілтеп жымыңдайтын да тұратын Темірқазық сынды жұлдыз тұлғалар болады. Қазіргі кез келген қазақ баласы үшін, барша қазақ халқы, тіпті бүкіл адамзат ұрпағы үшін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сондай тұлға. Ілияс Омаров дәл айтқандай, «тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы» Сондай-ақ Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.
Бұл мерейтой ғалымның бастамасымен құрылған әрі Қазақстандағы кәсіби және инженерлік білім берудің қайнар көзі атанған Тау-кен институтының негізінде құрылған Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Ой-өрісі кең, ғылымның көптеген саласында энциклопедиялық білімі бар, ғылыми қызметті шебер ұйымдастырушы және алдыңғы қатарлы кадрларды тарта білетін адам ретінде Қ.Сәтбаевтың ұлылығы алдымен еліміздің интеллектуалды, ғылыми дамуына бағыт беруінде, қазақстандық қоғамды ағартушылықтан интеллектуалды ғылыми және кәсіби деңгейге көтеруінде. Қ.Сәтбаев басшылығымен жасалған қадамдар халқымыздың, жастарымыз бен еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады.
Бүгінде оның еліміздің дамуына үлкен серпін бергені туралы ойлана бермейміз. Алайда өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан сауатты және ағартушылық қоғам болғанымен, кез келген кәсіби инженер кадрларды Ресей немесе Өзбекстан даярлап, ғылыммен Қазақстанға келген мәскеулік немесе ленинградтық ғалымдар ғана айналысты.
1927 жылы жас маман, инженер-кенші Қаныш Сәтбаев өзінің кәсіби қызметін жергілікті кәсіби кадрлардың жоқтығына, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қарамастан, ағылшын концессионерлерінен мұраға қалған ғылыми-зерттеу жабдықтарында жұмыс істеуді Қарсақбай мыс кенішінен бастайды. 3 жылдан кейін 1930 жылдың басында оның тобымен ашылған шашыраңқы мыс кенорындары – үлкен Жезқазған кенорны қоры 2 млн тонна мыстан кем емес әлемдегі ең ірі кенорындардың бірі екендігі ғылыми дәлелденеді. Кейінірек оның «Үлкен Жезқазған мәселелеріне арналған» (Народное хозяйство Казахстана, 1936, №1-2, 74–83-бб.) алғашқы ғылыми мақаласы жарық көреді. Бұл Орталық Қазақстанның және тұтастай еліміздің бет-бейнесін толығымен өзгертті. Үлкен Жезқазғанның ашылуы адам ерлігімен қатар бүгінде жастар үшін практикалық міндеттерді жүзеге асырудағы кәсіби, ғылыми тәсілдің үлгісі болып табылады. Өркениеттен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан Қарсақбай кентінде Қ.Сәтбаев ғылыми фактілерді зерттеу мен талдаудың ең үздік құралдарының көмегімен өмірінің соңына дейін дәл әрі жете талдау жасаған.
«1935 жылдың 1 қаңтарында Жезқазғанның кен қорлары барлық категориялар бойынша 3220 мың тонна мысты құраса, олардың ішінде 1330 мың тонна А2+В категориясы бойынша. Кеніштерде А2+В категориялы мыстың орташа мөлшері 1,92 %-ға тең. Жезқазғанның дамуын қаржыландырудан бастап – мыс қорыту комбинатын, су қоймасы мен теміржол салу, елімізде бүгінде Политех атымен белгілі (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) алғашқы техникалық жоғары оқу орны Қазақ Тау-кен металлургия институтын құруға алғы шарт болды. Құрылған институт өзіміздің кәсіби кадрлардың, сонымен қатар еліміздің дамып келе жатқан тау-кен металлургия және геологиялық кәсіпорындарының ұстаханасына айналды. ҚазТМИ-де 85 жыл бұрын негізі қаланған жоғарғы буын инженер кадрларын кәсіби даярлаудың бұл векторы еліміздің жоғары білікті кәсіби маманға деген қажеттілігін қамтамасыз етті және алғашқы қазақ ғылыми кадрларды қалыптастырудың негізгі іргетасы болды. Қ.Сәтбаевтың еліміздің тау-кен металлургия секторының инженерлік интеллектуалды және ғылыми элитасын қалыптастырудағы жүйелілігі – оның ұйымдастырушылық қабілеттері мен болжамының маңызды эталоны. Ғалымның бірізді қадамдары 1940 жылы Геологиялық ғылымдар институты негізінде тұңғыш қазақтың ғылыми орталығын құруға, ғылымның академиялық филиалын құруға арналған аралас салаларға таратуға және 1946 жылы алғашқы Қазақ ұлттық ғылым академиясын негізін салуға мүмкіндік берді.Түсіндірме: тада! <( ̄︶ ̄)>