Қалың елім қазағым қайран жұртым» деген өлең сол кездегі қазақтың рухани ахуалынан хабар беретін өте бір терең талғамды өлең. Қарап отырып бұл өлеңнен Абайдың ұлттық, елдік санаға көтерілген даналығын аңғарамыз. Хакім «Қалың елім қазағым қайран жұртым» дейді, «қайран тобықтым», «қайран арғыным», «қайран орта жүзім» демейді. Міне, осындай санаға көтерілген ғұламаның ойы өте өзекті. Неге? Өйткені бүгін біздің қоғамда ондай сана жоқ. Ел болу үшін жұртым десе қабырғасы қайысатын адамдар керек-ақ. Өкінішке қарай ондай адамдар өте аз, санаулы ғана. Ұлттық идеологияға идеал болатын адамдарды насихаттау, Абайды насихаттау, «қалың елім» деп айта алатын адамдарды көтермелеу, әр кез соларды ел ішнен тауып, мәсілихат құру бізде жоқ. Бүгінгі Рулық, тайпалық деңгейде қалып қойған адамдарды сынау, заманға сай келмейтін пасық әрекеттерді басып-басып айту - дәуір талабы. «Жауырды жаба тоқып» жүре берсек, жаңағы Абай айтып кеткен жағдайдан түзелуіміз өте қиын. Хакімнен алатын ең үлкен сабақ - елдік сана. Кейбір адамдарда «Абай қазақты сынай береді, сынай береді. Абайды оқыған қазақтың баласы түңіліп кетеді» деген ұшқары пікір де қалыптасқан. Хакімнің қазақты сынауында қазір бізде жоқ, бізге жетіспейтін ұлы махаббат жатыр. Жұртын шын сүйген адам ғана оның кемшілігін көріп, түзелсе екен деп, жанына батырып-батырып айта алады. бар. Шәкәрім атамыз «сөккенің болсын - сүйгенің, достығың болсын - күйгенің, ащы тілмен тигенің, жоғалсын деп міндері», - деп, Абайдың тағылымын жалғастырды. Бұл өлеңдерде маймөңке жоқ, бітеу жараны іреп жаратын қылпып тұрған ащы сарказм, ащы мысқыл бар. «Ащы сия долы қол, не жазып кетті жайы сол. Өкпелесең өзің біл», - деген ғұламаны «қазаққа өкпелейді екен», - деген теріс пікірге таңғанымыз «баяғы жартастығымыз». Жаратушыны таныған, Алланың хиқыметін сезген адамдарда бүгілу, маймөңкелеу, кібіртіктеу болмайды. Тура тартады. Шәкәрім абыздың «жақсы адам мінін айтса кектене ме» дейтіні сол. Бізге бабаларымыз айтқандай кемшіліктерімізді түзеу жетіспейді. «Құлға құл десең -, өлгісі келеді, биге құл десең күлкісі келеді», - дейді қазақ. Рухани жағдайымыз сондай қазір. Біз Ресей империясының құлы болған адамдармыз. Сынды көтере алмайтындығымыз, теріміздің тарлығы, шатынап шыға келетініміз құлдық психологияның көріністері. Сынаған адамның жағасына жармасып, ғұмыр бойы кектесіп өтетініміз сол құлдық синдромдар қалдығы..