Алтынемел ұлттық саябағы қашан құрылған?
саябақ қай жерде орналасқан?
саябақтың көлемі қанша жерді алып жатыр?
оның құрамына қандай таулар кіреді?
саябақ неге бай?
саябақта өсімдіктердің қанша түрі өседі?

raydin raydin    2   22.04.2020 10:57    3

Ответы
Dj669 Dj669  13.10.2020 16:03

Бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «Қызыл кітапқа» енген 22 түрі (мысалы, Мүсілім сылдыршөбі, Қопал таспашөбі, Іле бөріқарақаты, т.б.) бар. Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні – өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, Галузо отынкескіш қоңызы, Сольский барылдауық қоңызы, дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б. Омыртқалы жануарлар фаунасы да бай.

Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» («Айғай құм») кіреді. Қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі – Тигрхауда, 7 – 4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.

Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
tarringate tarringate  13.10.2020 16:03

Алтынемел Ұлттық саябағы Iле өзені алқабында орналасқан.Парк 1996 жылы осы өңірдің бiрегей табиғи кешенiн сақтау үшін құрылды.Алтынкемелқұмдарындағы " Әнші құм" немесе "Айғай құм"- танымал жерлердің бірі.Оның алып жатқан жерінiң үлкен болуы сонша, ұзындығы 2 3 километрге дейін,ал биіктігі

Объяснение: шамамен 12 метрге жетеді.Қатутау және Ақтау олардың ерекше көрінісi Алтынемелдiң танымал көрнекті жерлерінің бірі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi