Алтын адам
Алматыда көптеген мемлекеттік мұражайлар бар. Соның бірі 1973 жылы ашылған археология мұражайы. Онда мыңдаған экспонаттар бар. Экспонаттардың бірі — сақтардың жас жауынгерінің алтындаған киімі. Ол Есік обасынан табылған.
Басына төбесі шошақ бас киім киген. Тәжінің ернеуі екі жүзден артық алтын зерлі заттармен әшекейленген. Алтын заттардың әр бөлшегі барыстың, тауешкінің, арқардың, жылқының, құстың кескінімен таңбаланған.
Мойнына бұралған алтын алқа таққан. Алқада жолбарыстың басы бейнеленген. Сырт киімі — бешпент пен шалбар. Бешпент қызыл былғарыдан жасалған. Оның жағасында, өңірінде, етегінде жолбарыстың тұмсығы бейнеленген. Ол әшекей алтыннан жасалған. Шалбарда да алтын әшекей бар. Етіктің қонышына бармақтай алтын әшекейлер жапсырылған.
Жейдесінің жағасы мен жеңіне де алтын өрнек қадалған. Қайыс белдіктегі әшекей де кесек алтыннан құйылған. Белдіктің оң жағында — семсер, сол жағында — қанжар.
Үлкен екі алтын сақинаның біреуінің бетіне қолына қыран ұстаған адамның басы бейнеленген. Бұл жүзік — мөр.
Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларға тән төрт мыңнан артық бұйым табылған.
Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар — дүниежүзілік маңызы бар жаңалық.
придумайте во по тексту и сделайте их синтаксический разбор