Алпамыс батыр туралы шағын эссе

Ulugbek9i Ulugbek9i    3   11.09.2020 14:22    23

Ответы
senyacha15 senyacha15  15.10.2020 20:25

лпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жаңсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған.

Батырдың туған жері жайлы да нақты мәлімет жоқ. Деректерде Алпамыстың қазіргі Жиделі-Байсын аймағында ғұмыр кешкені айтылады. «Алпамыс батыр» жырында да осы жерлер туралы мәлімет бар. Енді бір қызығы, Қызылорда облысының Шиелі өңірінде Жиделі және Байсын деген жер-су атаулары бар екен. Тарихшыларымыз Алпамыс батыр осы аймақта өмір сүруі мүмкін деген деректер келтіріп жүр. Алайда, бұл нақты мәлімет емес, болжам ғана.[2]

“Алпамыс батыр” жыры ел арасында замандар бойында айтылып келгенімен баспа жүзін алғаш рет 1899 ж. (“Қисса И-Алпамыш”, Қазан) көрген. Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан. Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп орысша мазмұнда бастырған атақты фолькоршы Ә.Диваев. Ол бұл жырдың бір нұсқасын қарақалпақ бахшысы Жиемұрат Бермухамедовтан, тағы бірер нұсқасын Шымкент оязының тұрғыны Е.Ақылбековтің қолжазбасынан алған. Кеңес жылдарында өзге де батырлық жырларымен қатар “Алпамыс батыр” сан рет қайта басылды. Оның тарихи, көркемдік мәні мен орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды. Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскидің түрік батырлық эпосы туралы монографиясын айрықша атап өтуге болады. “Алпамыс батыр” жырының дүние жүзіне мәлім болуына осы аталған еңбектің пайдасы зор болды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi