Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйінде» «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын бастау» синхронды-акциясына арналған мерекелік шара болып өтті. Оған Жетісу жеріндегі түрлі ұлт өкілдері, қалада орналасқан этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері мен өнерпаздары, жоғары оқу орындарының студенттері мен қаладағы түрлі мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының туын көтеру салтанатты рәсімінде қала әкімі Ахметжан Есімов жиылған көпшілік алдында сөз сөйлеп, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жетісу жұртына, мерекелік жиынға қатысып отырған көпшілік қауымға арнаған құттықтау сөзін оқып берді. – Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздерді халқымыздың бірлігі мен ынтымағын паш ететін мерейлі мерекенің басталуымен құттықтаймын! Біздің қаламызда орналасқан 34 этномәдени бірлестіктің мүшелері Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев насихат етіп келе жатқан бейбітшілік пен ұлттар достығы, мемлекетіміздегі тұрақтылық пен берекелі өмірге зор үлесін қосып отырғандығын айтқым келеді. Біз, барша қазақстандықтар «Бір ел – бір халық» деген ұлы ұранмен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тату-тәтті өмір сүретінімізге сенімдіміз, – деді қала басшысы.

Ынтымақ пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың туы көтерілген сәтте аспанға бейбітшіліктің символы ретінде көгершіндер ұшырылып, түрлі ұлт өкілдерінен құралған өнерпаздар мерекелік концертті бастап жіберді. Бұл күні «Достық үйінде» әр ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын баяндайтын көрмелер мен ел бірлігін насихаттайтын стенділер қойылды.

1. Мәтінді талдап, төмендегі кестені толтырыңыз[6]

1.Тақырыбы.

 

2. Мақсаты.

 

3. Мазмұны.

 

4. Аудиториясы.

 

5. Негізгі ойы.

 

6. Стилі.​

Red4521 Red4521    1   16.03.2021 13:08    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi