Александария кітапхана туралы мәлімет​

rensatkontri rensatkontri    2   07.04.2021 08:23    1

Ответы
mtmrfz43 mtmrfz43  07.05.2021 08:24

Александрия кітапханасы, Искандерия кітапханасы (көне грекше: Βιβλιοθήκη τῆς Ἀλεξάνδρειας) — б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда (Мысыр) көрнекті ғалымдардың (Зенодот, Каллимах, Аристарх) қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған, ертеден дүние жүзіне әйгілі Александрия музейінің жанындағы қолжазба кітаптар қоры.

Александрия кітапханасында 700 мыңға жуық том (орам) кітап болған. Онда көшірушілер тобы жұмыс істеді. Қолжазбалар кітапхана ғалымдарының сынынан өткізіліп, өңделіп отырылған. Александрия кітапханасының қорын жинау, сақтау шеберлігі жоғары дәрежеде болғандығын Каллимахтың библиография каталогы дәлелдейді. Александрия кітапханасында гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан басқа шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған. Еуропа мен Ресейде жарық көрген кейбір тарихи оқулықтарда Александрия кітапханасын Халифа Әмірдің өртегендігі туралы негізсіз тұжырымдар бар. 1933 жылы М.Шоқай: “Мәскеу большевиктері Искандерия кітапханасын Халифа Әмір тарапынан өртелгенін айта отырып, Иран, Түркия және Ауғанстан халықтарын надан, жабайы етіп көрсетуді мақсат етіп отыр” деп жазды “Яш Түркістан” журналында (1933, №39).

Александрия кітапханасының хазірет Әмір жарлығымен өртелгені — алғашқы дәуір тарихшыларына беймағлұм. Оған Франция Ғылым Академиясының 1923 жылы 30 наурызда “Таң” газетінде жарияланған мәліметтері кейбір орыс деректері (“Брокгауз — Эфрон” сөздігі, 1891 жыл) де дәлел бола алады.

Шын мәнінде кітапхананың Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі б.з.б. 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен. Кітапхананың екінші бөлімі, яғни Птоломей заманында жинақталған шағын қоры Феодосия дәуіріне дейін сақталған. Оны Серапион махалласына шабуыл жасаған фанатик христиандар өртеп жіберген (341 жыл). Яғни аталмыш ғылым қазынасы Искандерия қаласын арабтар алудан 301 жыл бұрын жойылып кеткен.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi