«ҒАЛАМТОР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР» МЕН «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТАР ДОСТАСТЫҒЫ»бжб көмектесініздерші 1-тапсырма мен 2-тап Оқылым. Мәтінді тұсініп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жастар және әлеуметтік желілер
Әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтс 20 жасында «Microsoft» компаниясының негізін қалап, өзінің алғашқы миллиондарын таба бастаған. Бүгінде оны идеал санап, 48 миллиардердің соның жолымен жүретін жастар да көп. «Chief Executive Officer» журналы ғаламтор арқылы байыған жастардың тізімін тізіпті. Бірінші орында 30 жастағы американдық Мэтт Мулленвег топты жарыпты. Хьюстон университетінің 1-курс студенті кезінде, яғни, 19 жастағы Мэтт бүгіндегі танымал «WordPress» сайтын құрған болатын. Қазір әлемдегі ең қалтасы қалың жастардың бірі. Екінші орынға алдағы мамыр айында 30 жасқа толатын Марк Цукерберг жайғасыпты. Бала күнінен компьютер бағдарламаларына жақын болған ол Гарвард университетінде оқып жүріп, 2004 жылы парталастары Крис Хьюз бен Дастин Московицпен бірге Facebook әлеуметтік желісін құрады. Алайда олардың арасында келіспеушілік орын алып, ақыр соңында Facebook-тің иесі Марк Цукерберг болады. Содан байыған ол 2009 жылы әлемдегі ең жас миллиардер атанады. Былтыр «Forbes» журналы Марк Цукербергтің байлығын 19 млрд долларға бағалады.
Үздіктер тізімінде 23 жастағы американдық Эшли Коуллске үшінші орын бұйырды. Себебі ол өзінің 14 жасында Whateverlife.com сайтын ашып, миллионер атанған еді. Мектеп қабырғасында жүріп графикалық дизайнмен айналысқан қыз өзінің жұмыстарын аталған сайтта жариялап, оқырманның қызығушылығын тудырған, содан оның сайтына жарнама берушілердің қатары көбейген. Алғаш рет жарнамадан 20 мың доллар табыс тапқан. Үш жылдан кейін сайтқа күнделікті 1 миллион адам кіретін болған. Ал 2008 жылы сайттың жылдық табысы 1 миллион долларды құраған.
Төртінші орынды 28 жастағы үндістандық Сухас Гопинат иеленді. Бұл жігіт 14 жасында «Global Inc» интернет компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең жас кәсіпкер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бүгінде «Globals Inc» – әлемдегі жетекші IT- компания. Әлемнің 11 елінде бөлімшесі бар. Веб-сайттар, ұялы телефон қосымшалары мен мектепке арналған бағдарламалармен айналысатын компанияның жылдық табысы 100 миллион долларды құрайды.
1-тапсырма. Мәтін бойынша графиктік сызба жасаңыз. Графиктік сызбаңыз диаграмма, сызықтық, шеңбер, кесте үлгісінде болуы тиіс.
[2]
2-тапсырма. Мәтіннен үш сөйлемді таңдап, шылаудың мағыналық түрлерін қолданып жазыңыз.
Жалғаулық шылаулы сөйлем
Септеулік шылаулы сөйлем
Демеулік шылаулы сөйлем