Алғашқы және қазіргі қазақ газеті. Бірыңғай мүшелер.

Мен «Айгөлек» балалар журналына бастауыш сыныпта жазылдым. Қазір де үзбей оқимын. «Айгөлек» журналы 2000 жылдан бастап шығады. Журналдың бас редакторы – Қымбат Әбілдақызы. «Айгөлек» журналын шығару Қымбат апайдың идеясы. Сондықтан «Айгөлек» Қымбат апай үшін туған баласындай. «Айгөлек» журналы туралы Қымбат апай былай дейді:Он төрт жасқа жеткен «Айгөлегіміздің» жаңа достары күн санап көбеюде.
Бүгінде «Айгөлек», барлық форматы жаңа талаптарға сай келгендіктен, Қазақстаннан асып, «Росспечаттың» каталогіне еніп, Ресей аймағына таралатын жалғыз балалар журналына айналды.Өз күшімен, балғын бүлдіршіндердің таңдап,сүйіп жазылуымен
таралымы елу мыңға жетті. «Айгөлекте» оқушылардың хаттары, шығармалары, суреттері жарияланады. «Айгөлек» өз оқырмандарына ақыл кеңестер береді. Журналдың басты мақсаты- балалардың бойына елжандылық, бауырмалдық, адалдық сезімдерін ұялату. Журналда «Анам сенсің, туған жер!», «Абай және мен», «Намысымсың, туған тіл!», «Ойландырар он бес сұрақ», «Табылған тапсырма» атты бәйге-байқаулар бар.
«Айгөлек» балалар журналы жыл сайын Алматыда «Айгөлектің достары» фестивалін өткізеді. Фестивальға журналға үнемі хат жазатын, байқауларға қатысатын бүлдіршіндер мен жеткіншектерді шақырады.Фестивальда жеңімпаздарға «үздік тілші», «үздік суретші» марапаттары беріледі. «Айгөлек» журналы – бар мейірімін балаларға төгетін басылым.

Мәтіндегі кейбір сөздердің мағынасын түсініп алыңдар.

Жаңа талаптарға сай - соответствующие новым
Келетін - требованиям
Таралымы - тираж
Аймағына таралатын - рас по регионам
Шығармашылық ұж - творческий коллектив
Бәсекеге қабілетін арттыру - развиватьконкуренто Ақыл-кеңестер береді - дает советы
Елжандылық - патриотизм
Үздік тілші - лучший корреспондент

Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.
1.Сен «Айгөлек» журналын оқыдың ба?
2.Журнал қай жылдан бастап шығады?
3.Журналды шығару кімнің идеясы?
4. «Айгөлек» журналы туралы Қымбат апай не дейді?
5.Журналдың басты мақсаты не?
6. «Айгөлек» балалар журналы жыл сайын қандай шара өткізеді?
7.Фестивальда қандай марапаттар беріледі?

2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.
​2000 жылдан бастап шығады, «Айгөлек» журналы.Шығармалары, суреттері жарияланады, «Айгөлекте» оқушылардың хаттары. Ақыл-кеңестер береді, «Айгөлек» өз оқырмандарына. Адалдық сезімдерін ұялату, журналдың басты мақсаты-балалардың бойына елжандылық, бауырмалдық.Бәйге-байқаулар бар, журналда «Анам сенсің, туған жер!», «Абай және мен» «Намысымсың,туған тіл!», «Ойландырар он бес сұрақ», «Табылған тапсырма» атты.

образец образец    2   22.03.2020 09:09    1

Ответы
ВикторияГога ВикторияГога  03.09.2020 17:22

1- тапсырма

1) иә.

2)Журнал 2000 жылдан бастап шығады.

3)Қымбат Әбілдақызының идеясы.

4)Айгөлек журналы туралы былай дейді: Он төрт жасқа жеткен " Айгөлегіміздің" жаңа достары күн сайын көбеюде.

5) Журналдың басты мақсаты- балалардың бойына елжандылық, бауырмалдық, адалдық сезімдерін ұялату.

6) Айгөлек балалар журналы жыл сайын Алматыда "Айгөлектін достары" фестивалін өткізеді.

7) Фестивальда жеңімпаздарға "үздік тілші" "үздік суретші" марапаттары беріледі.

2-тапсырма

Айгөлек журналы 2000 жылдан бастап шығады.

Айгөлекте оқушылардың хаттары, шығармалары, суреттері жарияланады.

" Айгөлек" өз оқырмандарына ақыл кеңестер береді.

Журналдың басты мақсаты- балалардың бойына елжандылы, бауырмалдық, адалдық сезімдерін ұялату.

Журналда "Анам сенсің туған жер!, "Абай және мен", "Намысымсың, туған тіл", "Ойландырар он бес сұрак", "Табылған тапсырма" атты бәйге-байқаулар бар.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi