«Алғашқы ұстаз» әңгімесіндегі Алтынайдың қиын тағдырын әлеуметтік мәселелер тұрғысынан талдаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.​

orxan9889 orxan9889    2   15.03.2021 18:33    7

Ответы
fima9 fima9  14.04.2021 18:36

Алғашқы ұстаз.Авторы Шыңғыс Айтматов.

Алғашқы ұстаз әнгімесіндегі Алтынайдың тағдыры әлеуметтік мәселелер тұрғысынан қарасақ,әке-шешесі қайтыс болған қыз аға-жеңгесінің қолында өскен.Сол заманның әлеуметтік әсері-жетім қызды адуын жеңгесі біреуге малға сатпақшы болады.Жебір жеңге қыздың жастығын,обалын ойламай өз құлқын ғана ойлап, ойын жүзеге асырғысы келеді.Сол қоғамның әлеуметтік тұрғысынан қарағанда Алтынай оқу оқымай,жастайынан біреуге тұрмысқа беріліп,тағдыры қор болып өтерме еді? Егер ауылға Дүйсен келіп ауыл балаларын,Алтынайды оқытпағанда.Адуынды жеңгесінің тепкісін,зорлығын көп көріп өскен қыздың оқуға ынтасын білген Дүйсен сол қор өмірден,әлеуметтік жағдайдан тапшылығынан Алтынайды суырып алып,қалаға оқуға жібереді.Менің ойымша Алтынайдың тағдырын өзгерткен алғашқы ұстаз Дүйсен.Ол болмағанда Алтынай қиын тағдырына хош айта алмас еді.Алғашқы ұстазы Дүйсеннің арқасында кейін академик Алтынай Сүлейменова атанады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi