Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал,- деді басқарма.- Өздерін білесін. мен: ''Жұмысы әкелем!`` , - деп кеттім... Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыс қолқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен жетпейді , ... Әзір қолда барын Кұдай жолымен бөлем... Ал , Дәуренбек , - деді басқарма. - Дүкіметіңді оқы, балалардың мән жайын айт. Стройдың басында тұрған екеу- қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда. Мынаусы - Ертай, анаусы - Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан сонғы татар баласы аты Рашид жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет тақырбас қара әйел бала қалмақ я дүген жасы алтыда. Қасындағысының аты Яков тоғыздақолағаштай мұрына қарағанда жойыт тәрізді бірақ документе 'орыс' - деп жазылған кайдан кеп қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы жаңа алдымен шыққан қасқа жетіде. Сіздерден жасыратын не бар тегі жаман : неміс. Бұл баланың оргы - детдом емес еді әке шешеден бірдей айырылып панасыз қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар. Ахмет шал баларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады. мен осы мықтының өзін қаладым. Баламның атын айт. Мен осы мықтының өзін қаладым. Баламның атын айт. Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарықболдыңыз! деді Дәруренбек мырс етіп. Е, жөн ақ деді Ахмет ақсақал. Келісті жақсы ат екен. Айналайын жүр үйге кеттік. Апаң күтіп отыр... Жылы қымтаулы төскене жатқан ет желініп бітпей ақ ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер ертеңіне таңертең 'Зекен Аъметұлы Бегімбетов' болып оянды.

mariyapopova21 mariyapopova21    1   09.04.2021 07:09    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi