Актобенин корикти жерлери туралы эссе

МИЛ567 МИЛ567    2   10.11.2019 17:04    1

Ответы
1233456789 1233456789  10.10.2020 12:15

Ақтөбе қаласы күн сайын өркендеп келе жатқан қалалардың бірі және орасан зор экономикалық, мәдени, туристік потециалы бар өңір. Қаланың іргетасы 1869 жылы ақ төбенің басындағы бекіністің негізінде қаланған болатын. Бұл жасыл желекті заманауи мегаполис өзінің ескерткіштері, сәулет өнерінің керемет туындыларымен, өлкенің арғы-бергі тарихын анық аңғартып тұр. Ақтөбе қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Мысалы, қалада Кіші Жүз ханы – Әбілхайыр ханға, қазақ халқының батыры – Тама Есет батыр Көкіұлы кесенесі, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыз – Әлия Молдағұловаға, қазақ халқының билері - Әйтеке би, Мөңке биге, 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, А.Жұбанов, Ғ.Жұбановаға, Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевқа арналған ескерткіштер бар. Сонымен қатар өлкеміздің атақты ақыны Н.Байғанин­ге ар­налған ес­керткіш бар. Ол 1999 жылы Ақтөбе қала­сының Әбілқайыр хан даңғылын­да ар­найы тұғырға қон­ды­рыл­ды. Ескерткіш жанында көптеген үлкен көлемдегі шаралар өткізіліп тұрады. Мысалы, біздің кітапхана ұйымдастырған «Байғанин оқулары», «Ақтөбе жыр құшағында» атты шаралар өткізілген болатын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi