Афрасиаб деген не магына. тез

Артем2357 Артем2357    3   02.11.2020 19:43    1

Ответы
Sorokun Sorokun  02.12.2020 19:43

Афрасиаб — Тұран патшасы, қолбасшы, түркі жұртының ұлы тарихи тұлғасы. Ол 4 – 6 ғасырлар аралығы шамасында өмір сүрген. Бұхара қаласында жерленген. Афрасиабтың есімі Әбу Райхан әл-Бируни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұт Қашқари, Әбу Бәкр Мұхаммед Наршаһи, Хамза Исфаһани, Рашид ад-Дин, т.б. ғұламалардың еңбектерінде кездеседі. Тарихи шығармаларда Афрасиабты түркілердің Тоң Алып деп атағандығы айтылып, оның теңдессіз әскери қайраткерлігі, жеке басының батырлығы мадақталады. Араб, парсы тарихшылары Афрасиабты Пайкент, Бұхара, Самарқан (алғашқы атауы Афрасиаб), т.б. салған делінеді. Иран деректерінде Афрасиабтың Тұран аталған аса қуатты мемлекеті Әмудариядан Енисейге дейінгі жерді алып жатқан. Афрасиабтың есімі Фирдаусидің «Шаһнамасы» арқылы жұртшылыққа кеңінен танылды. «Шаһнамада» Афрасиабтың әкесі Бошан (Пышан), балалары Барысхан, Қарахан, Шиде (Шайда батыр), немересі Аржасып туралы мол деректер келтіріледі. Шығармада Рүстем батыр бастаған парсылар мен Афрасиаб билігіндегі түркілердің ұзаққа созылған соғысы барысында Иран билеушісі Надир шаһты Афрасиаб өлтіреді, сол сияқты Кейқауыстың баласы Саяуыш (Сиявуш) батырды жеңеді. Саяуыштың баласы Кейхосроу Афрасиабты және оның ұлы Шайда батырды өлтіреді. Афрасиабтың немересі, Тұран патшасы Аржасып парсылармен қиян-кескі соғыс жүргізгенімен түпкі жеңіске парсылар жетеді. Фирдаусидің әдеби сюжеттері мен пайымдаулары тарихи жазбалардағы Афрасиаб туралы тұжырымдармен үндес келеді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Лерапомогите1 Лерапомогите1  02.12.2020 19:43

Афрасиаб - қазіргі заманғы Самарқанд қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан сары-сұр түсті лессовый шоқылар шоғыры түріндегі ауданы 200 гектардан асатын ежелгі қоныс. Афрасиаб ежелгі соғды астанасы - әйгілі Мараканда болған деп саналады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi