Адамзаттың дамуын өркениеттен бөліп алып елестету мүмкін емес. Өркениеттің түрлері жайлы американдық
саясаткер М. Мелко мынадай ой қорытындыға келеді:
«Саналы келісім» бойынша 12 өркениет бар, бірақ қазіргі
таңға дейін оның жетеуі жойылып кеткен, ал бесеуі өмір
сүрулерін жалғастыруда. Олар: қытайлық, жапондық, ин-
дуистік, исламдық және батыстық».
Солардың ішінде ислам
ислам өркениетінің бар екендігін
ғалымдардың барлығы мойындайды. Араб түбегінде б.з. VI
ғасырында пайда болған ислам Солтүстік Африка, Пиреней
жарты аралы және Орталық Азия, Үндістан, Оңтүстік-шығыс
Азияға тез арада таралды. Соның нәтижесінде, исламның
ішінде көптеген бөлек мәдениеттер мен субөркениеттер
пайда болды. Оларға арабтық, түркілік, парсылық және
малайлықты жатқызуымызға болады.
Ал Батыс өркениетінің қалыптасуын б.з.б. 700-800
жылдарға жатқызады. Ғалымдар оны үшке бөледі. Олар:
Еуропа, Солтүстік Америка және Латын Америкасы.
Б. Арынғазиева​

Olegggg04 Olegggg04    1   18.04.2021 18:44    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi