"Адамзаттың асыл қасиеттері" тақырыбында эссе

пипиша пипиша    1   11.10.2021 23:04    0

Ответы
виталий124 виталий124  11.10.2021 23:10
Белгісіз 28.01.2013 жауап берді
Адам бойындағы асыл қасиеттер
Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.
Жастық тәрбиесі Жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Абылай ханадамзаттың жадында мәңгіге сақталған тарихи миссиясын атқарған түста небәрі 20 жасында еді. Византия империясын тізе бүктірген шағында Фатих Сұлтан 21 жасында болған екен. Ұлы Ескендір әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған кезде қылшылдаған жас жігіт болыпты. Олардың қай-қайсысыда өмірін күреспен өткізген. Өйткені олар — халық қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер.
Өзіңе жүктелген міндетті ғана орындау еңбекқорлыққа жатпайды. Еңбек қабілетін толық қолданған адам — нағыз еңбексүйгіш адам.
Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу тіпті де қиын болмасы ақиқат.
Сонда ғана тарихқа алтын әріптермен аттарын жаздырып кеткен ұлы тұлғалармен иық теңестіре алады, ал айырмашылық кезең мен мекенде ғана болмақ.
Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі — ауызбірлік пен ынтымақ. Осы бағдарда өзіндік болмысы қалыптасқан жасты еуропалық мәдениет те, өркениетті мемлекет те, жетілген техника да қорқыта алмайды. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі жанкештілікті, жанқиярлықгы талап етеді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi