Осыдан тура 55 жыл бұрын а алғаш рет ғарышты игерді. 12 сәуір күні - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанған «Восток» кемесімен Юрий Гагарин космоста 1 сағат 48 минут уақыт өткізіп, жерге оралды. Міне, содан бері көкке талай зымыран ұшырылып, туристік саяхат ұйымдастырылатындай кезеңге де жеттік.
Тарихқа көз жүгіртсек ғарышқа а ұшырмас бұрын ғалымдар бірнеше жылдар бойы тәжірибе жүргізді. 1957 жылы 3 қарашада «Спутник-2» ғарыш кемесімен космосқа аттанған ең алғаш тіршілік иесі Лайка есімді ит болды. Бірақ, техникалық олқылықтардан бұл ұшырылым сәтсіз аяқталды. Мұнан кейін, 1960 жылы Белка және Стрелка атты иттер орбитаға көтеріліп, аман-есен жерге қонды. Осыдан кейін барып, Юрий Гагарин тұңғыш ғарышкер ретінде ғарышты бағындырды. Ол 302 шақырым биіктікте жер шарын бір айналып шығып, сан мыңдаған жылдар бойғы адамдардың арманын жүзеге асырды.
Ал 1991 жылы 2 қазанда қазақ елі үшін тарихи оқиға орын алды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Байқоңырдан» «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Ғарыштағы «Мир» орбиталық кешенінде сегіз күн болып, биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жерге оралды. Мұнан соң, тағы бір отандасымыз Талғат Мұсабаев космосқа үш рет ұшып, барлығы 342 күнін галактикада өткізіп, ғарышты игеруде елеулі үлесін қосты.
Қазіргінің қаһарманы Айдын Айымбетов үшінші қазақ ғарышкері. 2015 жылы 2 қыркүйекте «Союз ТМА 18М» экипажымен Халықаралық ғарыш станциясына аттанып, 10 күн зерттеу жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Елжанды азамат осылайша барша қазақстандықтардың сүйікті тұлғасына айналды.
Бүгінде Қазақстан ғарышты игеруде әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына енді. «КазСат» спутниктік жер серіктерін ұшыру арқылы цифрлық ақпарат тарату, байланыс операторлары мен ауа райын болжау секілді түрлі салалардың дамуына тың серпіліс әкелуде.