Тынысалуға арналған қорытынды. Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.