Адамның денсаулығы коғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері: -күнделікті бір уақытта тұр, бөлменді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; -таңертең тiсiндi тазалап, беті-қолыңды, мойның мен кұлағынды жу; -ұйықтар алдында жуынып, бөлменді желдетіп алуды ұмытпа; -ұкыпты да жарасымды киінетін бол. Киімің таза және үтіктелген болсын; -мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста; -өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімін араласып жатпасын. Тері тазалығы - адам денсаулығы кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айыктырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Мәтінді мұқият оқы. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар кұр.

AlinaSerg AlinaSerg    2   25.02.2022 07:26    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi