Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз. Василий Сухомлинский.
1-тапсырма Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, ұжымдық қарым-қатынасқа қатысушы тұлғаның (сыныптасың, досың, ересек адам, көркем әдебиет немесе фильм кейіпкері және т.б.) адамгершілік портретін суреттеп жаз. Жаныңа бір жылылық сәулесін себетін, мерейіңді тасытып, абыройыңды арттыратын, адамдарға нұр сыйлайтын, көңілге қымбат сыр сыйлайтын, ашық-жарқын пейіл, адамдық ықылас, ізгілікті ізет, адамдық қасиет, мейірім шашқан шапағатты бейне, ізгілік пен парасат.