Адамдар бір-біріне құрмет көрсетуі керек. Бұл – сыпайылық пен әдептілікке жатады. Кішілер үлкендерге құрмет, үлкендер кішілерге үлгі көрсеткені дұрыс. Үлкенді сыйлау – жақсы қасиет. Әр бала өз үйінде атасын, әжесін, әкесі мен анасын құрметтегені жөн. Мектепте мұғалімдерге құрмет көрсету – жақсы тәрбиенің белгісі. Әлібек – өте тәрбиелі, мейірімді, ақылды бала. Атасы оған ақыл айтып, жақсы істерге үйретеді. Әлібек атасының сөзін тыңдайды. Атасын сыйлайды. Әлібек көшеде үлкен кісілерге көмек береді. Оларға көшеден өтуге, автобустан түсуге көмектеседі. Үлкен кісілердің сөмкелер ауыр болса, үйіне апарысады. Олар Әлібекке алғысын айтады. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

Daxa666 Daxa666    3   18.09.2021 00:46    4

Ответы
Насяндра12 Насяндра12  18.09.2021 01:00

Неге кішілер үлкендерді құрметтеу керек?

Неге үлкендер кішіге үлгі көрсету керек?

Әлібек қандай бала?

Олар әлібекке не айтады?

Атасы оған не үйретеді?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi