Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамызда кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды. Біздің өміріміздегі көптеген химиялық реакциялар да судың көмегімен орындалады. Бұлшық ет, тері, сүйек, бұзылған ткандердің қалыпқа келуі, гормондардың синтезделуі, ферменттер, медиаторлар, бәрі де суды қажет етеді. Су атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Біз қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті, жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады. Ағзадағы судың аздығы буын сұйықтығының өзгеруіне, құрғауына әкеледі. Буын қиындықпен қозғалып, біздің белсенді әрекет етуімізге кедергі келтіреді. Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады. Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несептің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді.
Су - дене температурасын реттейді. Ми да суды қажет етеді. Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі - бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді.
Ағзаны қалай «суару» қажет?!
1. Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады.
2. Әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш бері, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз.
3. Сізде бос уақыт мүлде аз болса да, күн сайынғы ішетін су мөлшерін ұмытпаңыз. Бұл жоспарды асыра орындауға да болады. Бүйрек сау болса, судың кейбір артық мөлшерін де реттейді.
4. Егер сіз спортпен шұғылданып, белсенді қимылдайтын болсаңыз, ағзаңызға су артығымен қажет екенін есте сақтаңыз. Өйткені, ағзадағы судың көп бөлігі термен кетіп қалады. Күніне ішетін су мөлшеріне кем дегенде 2 литр және 2 стакан су қосыңыз.
5. Ауырған кезде, әсіресе, дене қызуы көтерілгенде сізге су аса қажет болады. Мұндай кезде су ең маңызды дәрінің бірі болмақ

Мәтінді 150-180 сөзге дейін ықшамдау қажет

sanyahit sanyahit    3   10.03.2021 06:54    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi