Абайдың сегіз аяқ өлеңіндегі ақын сынаған мінездерді бүгінгі қоғаммен салыстырып жаз​

MisterStickman1 MisterStickman1    3   31.05.2021 09:51    12

Ответы
nonyshko nonyshko  30.06.2021 09:52

Абай Құнанбаевтың "Сегіз аяқ"өлеңі 1880жылдары жазылған.Ақын бұл өлеңінде өзі өмір сүрген қоғамның кемшіліктерін оқырманға жария еткен.

Алда көрген артта жоқ,

Мысқыл өсек,айла бар,-деп өз қоғамынан түңілгендей күй кешкен.

Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде.

Жігерлен,сілкін,

Қайраттан,беркін! ,-

Насихат бергенде:

Ұятсыз,арсыз салтынан,

Қалғып кетер артынан ,-деп қоғамның надандығын қаны қайнап,жаны ашып жазған.Елден бірлік кетіп,тозып бара жатқанын айтады.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар а -деп еңбек етуге шақырады.

Санасыз,ойсыз,жарым ес,өсекшіл,кекшіл,күпілдек мақтаншақ,орынсыз ыржақ пен болымсыз қылжақшыл,өтірік,ұрлық,сөзуар,законшік,-деп сол қоғамның жағымсыз қылықтарын мысқылға алған.Бүгінгі біздің қоғамда надан,білімі жоқ адамдар жоқ десекте болады.Адамдардың бәрі білімді,ғылымның,ғаламтордың биік шыңына шыққан ақылды адамдар.Десекте надан адамға тән мінездер өсекшілдік,мақтаншақтық,ұрлық,кекшілдік,арызшылдық біздің қоғамдада кездесіп қалады.Жағымпаздық пен мақтаншылық біздің қоғамдағы белең алған жағымсыз мінездердің бірі.Абай атамыз айтқандай кекшіл болмай көпшіл болайық.Өсек айтпай,қулық - сұмдықты ойламай,білім қуып,адал асымызды еңбектен табалық.Бірлікте болайық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi