«Абайды оқы, таңырқа!» , «Қазақтың ұлттық қолөнері», «Өлкені сипаттау өнері» бөлімдері бойынша жиынтық бақылау жұмысы. 2 - нұсқа Оқылым. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.
Керекті сөздер: білезік, сақина, жүзік, құлаққа, қолға, жасаған, әшекейлеген.
1.Қазақ әйелдері ..., ..., ... таққан. 2.Сырға - ... тағатын сәндік зергерлік бұйым. 3.Сәндік бұйымдарды алтын мен күмістен ... . 4. Білезікті екі ... таққан. 5.Сәндік бұйымдарды оюмен ... .

2- тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішінен себеп – салдар жалғаулықтарын анықтап, астын сызыңыз.
Зергерлік бұйымдар қымбат болады, себебі шеберлер қолдан жасайды. Қыздар зергерлік бұйымдарды жақсы көреді , өйткені ою – өрнекпен әшекейленеді . Қазақ әйелдері шашбау, шолпы таққан, сондықтан әшекей бұйымдардың тәрбиелік мәні зор болған.

Жазылым. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға толық әрі қысқа жауап жазыңыз.
Ұлы ақын Абай табиғат тақырыбына не жазды? Абай неше жасынан бастап өлең шығарған?
Қысқа жауап: ...
Толық жауап: ... Қысқа жауап: ...
Толық жауап: ...

4 – тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, « Туған өлкем» деген тақырыпта шағын мәтін құрап жазыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда етістіктің шақтарын, себеп – салдар жалғаулықтарын, сөздердің орын тәртібін сақтай отыра, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. (50-60 сөз)
Тірек сөздер: менің өлкем, ерлік, қасиетті, сүйемін, себебі, кең – байтақ, табиғаты, бақытты, солтүстік, оңтүстік, қымбат т.б.

saida1808 saida1808    1   11.05.2021 07:58    0

Ответы
Аля16111 Аля16111  10.06.2021 07:59

1-тапсырма

1.білезік,сақина,жүзік.  

2.құлаққа.  

3.соқтырған.  

4.қолға.  

5.әшекейлеген.

2-тапсырма

себебi ойткенi и сондыктан

3-тапсырма

незнаю

4-тапсырма

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Туған өлкем байлығы мол қазынам,

Сол байлықтың шуағында шомылам.

Бәрінен де артық көрем мен сені,

Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.

Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,

Аң мен құсын арыстандай көремін.

Туған өлкем ол менің жер жәннатым,

Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды аялайық та, сүйе білейік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi