Абай Құнанбайдын отбасы кандай​

pakhomovalexandra pakhomovalexandra    3   17.11.2020 09:16    1

Ответы
Снежана341 Снежана341  17.12.2020 09:19

Әкесі  

Құнанбай Өскенбаев

Анасы  

Ұлжан Асанова

Жұбайы  

Ділдə

Шүкіман (Əйгерім)

Еркежан

Балалары  

Ділдəдан: Ақылбай, Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан

Əйгерімнен: Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Dec3mber Dec3mber  17.12.2020 09:19

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Абайдың отбасына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2013 жылдан бастап елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні ретінде белгіленген. Отбасы күнінің аталып өтуі мәдени құндылықтарымызды, дәстүрімізді сақтаудағы, болашақ ұрпаққа тәрбие берудегі ұлттық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Көрмеге музей қорында сақталған Е.Сидоркиннің «Абай әжесі Зеремен», «Құнанбай», «Ұлжан» суреттері, 1896 жылы Абайдың ұлдары Ақылбай, Турағұлмен Семейде және 1903 жылы отбасымен түскен фотосуреттері қойылды. Шәкәрім Құдайбердіұлының фотосуреттері, шығармалары, інісі Оспан, балалары Әбдірахман, Мекаил, Мағауияның және ақын ұрпақтарының фотосуреттері Абай отбасына арналған көрме мазмұнын толықтырды.

Қазіргі күнде Абайдың баласы Ақылбайдан тараған ұрпақтары Айдар мен оның ұлы Данияр, сонымен қатар Айдос Эрнестұлы Алматы қаласында тұрады.

Мұнан өзге Турағұл Құнанбайұлының «Әкем Абай туралы» естелігінің факсимиле нұсқасы, Абай туралы естеліктер, Ж.Қасымбаев, Б.Ерсәлімовтің еңбектері кітап көрмесіне қойылды.

Семейліктер мен қала қонақтары, мектеп және колледж студенттер кітап көрмесімен танысты.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi