Абай қара сөзін оқығаннан кейіңгі түйген ойым тақырыбында эссе​

MaximVolkov14 MaximVolkov14    3   28.12.2020 14:49    1

Ответы
jcgddrMarins jcgddrMarins  27.01.2021 15:00

“Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым”

Абай Құнанбайұлының бірқатар өлеңдері мен шығармаларымен таныспыз. Өлеңдерінің өзі мағынаға толы. Қара сөздерінен өмірдегі мысалдар, ащы шындық және мағыналы сөздерді кездестіре аламыз. Абай атамыздың қара сөздерін оқыған әрбір адам белгілі бір қорытындыға келіп, өз өміріндегі жіберіп жүрген қателіктерін түзей алады. Абай Құнанбайұлы өз шығармаларында адамға жақсы қасиеттерді көрсете отырып, адам бойындағы жаман қылықтардан және әдеттерден арылуға кеңес берген. Адамға тура жол сілтеген. Адамның бойындағы ең ізгі, әрі жақсы қасиеттері ретінде:ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақылды көрсетті. Хәкім Абайдың үшінші қара сөзінде:әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ - ақылсыз надан, әрбір ақылсыз - арсыз деген еді. Ар-ұждан кетірген соң, адам имандылықтан тая бастайды. Абай адамдарды имандылыққа шақырған.Жүрегінде сәл болса да имандылығы бар адам, буыны босамаған адам деп түсіну қажет. Сонымен қатар адам мінезі, оның өмірінің босқа өту, өтпеуі жайлы да айта кету керек. Қара сөздерді оқи келе түсінетініміз адам өмірін жақсы білу қажет, босқа сауық сайранның не керегі бар? Тән құмарынан жан құмары үшін өмір сүр. Хәкім Абайдың тән құмары деп тұрғаны өмірінде тек ішсем, жесем, ұйықтасам деп өмір сүретін адам. Олардың бойында қуат болмайды,іші бос. Абай Құнанбайұлы адам болмысын, оның әрекеттерін ашық түрде сынға алып, бағытты өте дұрыс бағдарда анықтап берді.Хәкім Абай а ң бәрі-дос деген сөзін алға тарта кету қажет. Адам философиясы Абайдың еңбектерінде нақтылы түрде шындыққа негізделе отырып жазылған. Әсіресе Хәкім Абайдың қара сөздері бұл эссені жазуда көп септігін тигізді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi