А) Жақшаны ашып, сөзге -ғалы/-гелі/-қалы/-келі қо- сымшаларын дұрыс жалғап жаз.
Үлгі: Мен ән байқауына қатысқалы жатырмын.
1. Мен сахнада (би билеу).
2. Мен көрерменнің (көңілін көтеру).
3. Біз жеңімпазға (сыйлық беру).
4. Сен кинода (ойнау).
5. Сіз маған көйлек (тігу).
6. Біздер сән үйіне (бару).
7. Ол шұлықты (кию).
1. Мен сахнада би билегелі тұрмын.
2. Мен көрерменнің көңілін көтергелі жатырмын.
3. Біз жеңімпазға сыйлық бергелі тұрмыз.
4. Сен кинода ойнағалы тұрсың.
5. сіз маған көйлек тіккелі жатырсыз.
6. Біздер сән үйіне барғалы тұрмыз.
7. Ол шұлықты кигелі отыр.
Объяснение: