А.Қыпшақтардың қоныстану және этникалық құрамы тжб 6 СЫНЫП каз тарих

Марьванна567 Марьванна567    1   25.12.2020 19:06    0

Ответы
tanyaparakhina tanyaparakhina  24.01.2021 19:10

Объяснение:

Тайпалық және этникалық құрамы. ХЫ ғасырдың бірінші жартысынан ХЫЫЫ ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.

Еуразия. Еуразиядағы қыпшақтардың шекарасы, ХЫғ соңы — ХЫЫғ басы.

ХЫ ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне қуман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. ХЫ ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. Х ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған.Қумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл қумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданьшған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi