Аққу - өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Аққуды көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. Аққу әнші құстардың қатарына жатады.
Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын баяу сермеп бара жатуы - естен кетпес ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру - одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы: артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі - бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар - табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. (118 сөз)
2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Негізгі ақпарат:


Қосымша ақпарат:



buster43 buster43    1   12.12.2020 02:20    3

Ответы
Masha0501 Masha0501  11.01.2021 02:25

н.а:Аққуды көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген.

Аққулар - табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.

қ.а:Аққу әнші құстардың қатарына жатады.

Объяснение:

тек 50% сенімдімін

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi