Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялықтарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады. Есет Жақыбай, оқушы: – Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр. Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі: – Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған. 1. Мәтінде неше адамның пікірі бар? [1] A) 1 B) 2 C) 3 D) 4

muratowaasya muratowaasya    2   20.12.2020 14:49    2

Ответы
huntress26 huntress26  19.01.2021 14:50

с)3 мәтіннің 3 пікірі бар

Объяснение:

бұл дұрыс жауап♥️

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi