Ақсу Жабағалы қорығының ерекшелігі неде

bxanzoda bxanzoda    2   11.09.2020 14:18    0

Ответы
isheh09ow2mth isheh09ow2mth  15.10.2020 20:23

– Орта және Орталық Азиядағы орасан зор тау жүйесі. Ол 2,5 км шақырымға созылып, бір қатар тұтастай тау жоталарынан құралған. Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан.

Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен 1926 жылы шілденің 14-іне құрылды. Қаулыда қорық «Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін,олардың барлық ағаш және тал-шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында» құрылғаны атап көрсетілген.Қорықтың көлемі жылдан – жылға өзгеріп, бүгінде оның алып жатқан аумағы – 131 934,3 га.

Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы екі мемлекетпен – Қырғызстан және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысының Жуалы ауданын қамтиды.

Қорықта ең биік тау – Сайрам шыңы, оның биіктігі теңіз деңгейінен 4238 м. Қазақ халқы бұл тауды «Ақтүйе өлген» деп атаған, өйткені таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайды.

Қорықтың орталығында биік, мұзды Бұғылытөр шыңы ерекшеленеді. Бұғылы деп аталуы, бұл тауда бұғылар мекендеген.

Объяснение:

осы жауабы осыны жаз болды деп ойлаймын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi