Ақпараттың жалған немесе ақиқат екенін анықта. Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасында, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас, т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеологияда байқалады:
ауызекі сөйлеу стилі диалогке құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);
ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мысалы, «Көбірек сөйлеп кетті» (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;
ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мысалы, «Қарағым-ау, уақытыңды босқа өткізбей, шахмат ойнап үйренсеңші». Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
ауызекі сөйлеу стилінде тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мысалы, «Өгіздей біреу алдымнан шыға келді»;
ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистік сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилінде ой көбінесе аяқ астынан дайындықсыз айтылады.
1. Ауызекі сөйлеу стилінде диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады.
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стилінде ой алдын ала дайындықпен келеді.
3. Ауызекі сөйлеу стилінде оқшау сөздер жиі кездеседі.
4. Ауызекі сөйлеу стилінде әдеби тіл нормасы қатаң сақталады.

Alina9392010 Alina9392010    3   24.12.2020 08:40    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi