А.П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде аса ұтымды эпизод енгізген. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір
сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ой-
лайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «

Көрі патшаның
патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты. Өзі
дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш
уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі нәрселерге тимейді
екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі: шылым
тартады екен. Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып
жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз
қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім бол-
мапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастап-
ты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да
қалмаған...» Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің күшті әсер
еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап оты-
рып, селк етті де, мұңайған дауыспен: – Мен енді шылым тарт-
паймын... – деді».
Зат есім негізгі туынды дара күрделі жалпы жалқы зат есімдерді тауып беріңдерш

girlvikak girlvikak    2   20.01.2021 17:35    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi